Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Жеріміздің арландары

2018 жылғы 4 желтоқсанда 1 “А” курс курсанттарына Марина Советовна Нурымжанованың “Жеріміздің арландары” атты кітабының презентациясы өткізілді. Бұл кітап Ақтөбе облысының полиция қызметкерлеріне арналған, яғни, кітапта Ақтөбе облысының қылмыстық істі тексеру полициясы қызметкерлерінің өмірінен қызықты жағдайлар жинақталған, 24 сағат бойы олар қылмысты зерттеп, біреулері өз өміріне қауіп төнген жағдайда жанкештілікке барып, біреулері қылмысқа тосқауыл қойып, біреулері қорған болады, ал бәрі бірігіп, сол жамандыққа қарсы күресетін бір үлкен күш. Кітап жас қызметкерлерге пайдалы, өйткені, олардың әрқайсысы осы кітаптан өзіне болашақ қызметіне көмек болатын ақпаратты алуына болады.
Сонымен қатар, кітапта “Қылмыстық тергеудің атасы”, Ақтөбе облысының ІІД бастығы полиция генерал-майоры Махамбет Абисатов суреттелген.
Кітап қылмыстық тергеудің 100 жылдығына арналып шығарылған. Әр оқиға жас курсанттарға да, жұмыс барысындағы қызметкерлерге де, сонымен қатар, азаматтарға да үлгі бола алады.

Тәрбие жұмыс бөлімінің
инспекторы
полиция аға лейтенанты
Б.С. Елеусизов.