2017 жылғы 15 желтоқсанда жол көлік оқиғасын ескерту және алдын алу шаралары мақсатында Ақтөбе қалалық №32 және №35 орта мектептері оқушыларына Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының оқытушылары полиция майоры А.Әбішев пен полиция майоры М.Е.Есет жол көлік ережесі туралы профилактикалық әңгіме өткізді.
Кездесу барысында балалар көшеде, жолда қауіпсіздік ережесінің негізгі ережелерін естеріне түсіріп, жол көлік оқиғасы туралы сұрақтарға жауап берді. Әңгімелесу барысында велосипедпен, роликтермен сырғанау кезіндегі ережелер туралы сұрақтар қойылды. Ойын түрінде жолдан өту кезінде жаяу жүргінші өзін қалай ұстау керек және қалай өту керек екендерін айтты.
Оқытушылар жеткілікті нысанда балаларға жол жүргіншісі жолда өзін қалай ұстау керек, бізге қандай жол белгілері және бағдаршамдар көмектеседі, жолда жүргенде жүргіншінің ғана емес, көлік жүргізушінің мұқиятсыздығы және жауапкершіліксіздігі салдарынан қандай жағдайлар болуы мүмкін екендігіне тоқталды.
Кездесу барысында балалар барлық назарларымен оқытушыларды тыңдап, өздерін қызықтыратын сұрақтарды қойды. Шара соңында оқытушылар балаларға абай болу, мұқият болу керек екендерін, өздерін жолда дұрыс ұстау қажеттерін айтып және балаларға жаднама таратты.
ЖҚП кафедрасының аға оқытушысы
полиция майоры
А.Ә. Әбішев