Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Жол-көлік оқиғаларын ескерту және нөлдік төзімділікті қалыптастыру шаралары

2018 жылғы 27 қыркүйекте жол-көлік оқиғасын ескерту және алдын алу шаралары мақсатында Ақтөбе қалалық  №68 және №5 орта мектептерінің оқушыларына  Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының оқытушылары полиция майоры М.Есет пен полиция майоры Қ.Ерланұлы  жол-көлік ережесі туралы профилактикалық әңгіме өткізді.

Кездесу барысында әкімшілік құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділікті қалыптастыру мақсатында және «Назар аудар! Жаяу жүргінші», «Зебра», «Сыпайы жүргізуші», «Жол ережелерінде демалыстар болмайды» акцияларын өткізу туралы балаларға көшеде, жолда қауіпсіздік ережесінің негізгі ережелерін естеріне түсіріп, жол-көлік оқиғасы туралы сұрақтарға жауап берді. Әңгімелесу барысында велосипедпен, роликтермен сырғанау кезіндегі ережелер туралы сұрақтар қойылды. Ойын түрінде жолдан өту кезінде жаяу жүргінші өзін қалай ұстау керек және қалай өту керек екендерін айтты.

Оқытушылар жеткілікті нысанда балаларға жол жүргіншісі жолда өзін қалай ұстау керек, бізге қандай жол белгілері және бағдаршамдар көмектеседі, жолда жүргенде жүргіншінің ғана емес, көлік жүргізушіcінің  мұқиятсыздығы және жауапкершіліксіздігі салдарынан қандай жағдайлар болуы мүмкін екендігіне тоқталды.

Кездесу барысында балалар барлық назарларымен оқытушыларды тыңдап, өздерін қызықтыратын сұрақтарды қойды. Шара соңында оқытушылар балаларға абай болу, мұқият болу керек екендерін, өздерін жолда дұрыс ұстау қажеттерін айтып және балаларға жадынама таратты.

 

ЖҚП кафедрасының аға оқытушысы

полиция подполковнигі        

М.Е.Есет

 
06 DSC06994