Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтымен Кеңес одағының екі мәрте батыры Т.Бегелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері Әскери институтымен біріге отырып 2019 жылдың 7 ақпанында Ауған демократиялық Республикасынан кеңес жауынгерлерінің шектеулі әлеуетінен шығарылуының 30 жылдығы және Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай С.Бәйішев атындағы институты кітапханасының жиналыс залында жоғары оқу орындары арасында «Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруідегі интернациалист жауынгердердің рөлі» атты конференция өткізді.
Конференцияға екі институттың профессорлық-оқытушылық құрамы және жоғары оқу орындарының курсанттары қатысты. Іс-шараны модератор Т.Я.Бегелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері әскери институтының кітапханасының бастығы В. Криулина ашты.
Т.Бегелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері әскери институтының 302-И тобының курсанттары А.Шанасил «Ауған соғысының жалпы мінездемесі» және Д.Джумагул «Ауған соғысында Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Министрлігінен қатысқан офицерлер» атты тақырыпта баяндама оқыған болса, ал Ақтөбе заң институтынан ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 105 оқу тобының курсанттары М.Әріпхан «Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі интернациалист жауынгердердің рөлі» және Ж.Ибрахимова «Өскелең ұрпақтыңпатриоттық және интернациолистік тәрбиесі» атты тақырыбында баяндама оқыды.
Конференция барысында Ауған соғысының ардагері отставкадағы подполковник Таспаев Құрманбай-Әли сөз сөйледі. Ол курсанттарға ауыр еңбектің жолында шыдамдылық, денсаулық, бақыт және ең бастысы тәуелсіз аспан тіледі.
Қорытындыны Кеңес одағының екі мәрте батыры Т.Я.Бегелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері әскери институтының идеологиялық және әскери-патриоттық жұмыс бөлімінің бастығы подполковник Н.А.Сақтағанов және ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының әскери және денешынықтыру даярлығы кафедрасының аға оқытушысы, педагогикалық ғылымның магистрі, полиция аға лейтенанты А.Қ.Қосмұратов шығарды.
Жоғары оқу орындары арасындағы конструтивтік диалог түрінде өткізілген конференция естелік суретке тусумен аяқталды.
ӘжДШД кафедрасының
аға оқытушысы
полиция аға лейтенанты
А.Қ.Қосмұратов