Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Жоғарғы оқу орындары арасындағы волейбол жарысы

 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Президенті күні, Тәуелсіздік күні мерекелеріне және Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының  апталығына орай, жоғарғы оқу орындарының студенттері мен курсанттар арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарыс  2017 жылғы 4-9 желтоқсанда М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының спорт залында өтті.

 Жарыстың ашылу салтанатында әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасы бастығының орынбасары полиция майоры Мирлан Сейілханұлы Балдаиров жарысқа қатысушыларды сапқа тұрғызып, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі Сәлімгерей Иманғалиұлы Қаракүшевке мәлімдеме жасады. Ту көтеріліп, гимн ойналды.

 Жарыстың бас төрешісі №2 облыстық мамандандырылған балалар – жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Руслан Адайбекович Габидуллин волейбол жарысының ережелерімен таныстырды.

 Жарысқа ер балалар арасында 4 команда, қыздар арасында 5 команда қатысты. Волейбол жарысында әр команда ойыншылары жеңуге деген үлкен жігер көрсетті. Ер балалар арасындағы жарыста жоғары ұпай санымен С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің командасы алға шықты. 2-ші орынды Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ командасы, 3-ші орынды Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының командасы иеленді. Осы волейбол жарысында «Үздік шабуылшы» номинациясына Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті командасының ойыншысы Абдулуахит Темирбек, «Үздік ойыншы» номинациясына С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті командасының ойыншысы Қолғанат Бақытжан, «Үздік байланыстырушы» номинациясына Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты командасының ойыншысы Айдар Сырлыбаев ие болды.

Қыздар арасындағы жарыста жоғары ұпай санымен С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің командасы алға шықты. 2-ші орынды Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ командасы, 3-ші орынды М.Оспанов атындағы БҚММУ командасы иеленді. Осы волейбол жарысында «Үздік шабуылшы» номинациясын Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті командасының ойыншысы  Шырайлым Жеңіс, «Үздік ойыншы» номинациясын  Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты командасының ойыншысы Айгерим Айғалқа, «Үздік байланыстырушы» номинациясын М.Оспанов атындағы БҚММУ командасының ойыншысы Сагира Жансигурова қанжығаларына  байлады.

 Жарыс соңында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі Сәлімгерей Иманғалиұлы Қаракүшев жүлделі орындарға ие болған командаларды кубокпен, медальмен және мақтау қағазымен марапаттады.

 

 ӘжДШД кафедрасының оқытушысы

 полиция аға лейтенанты

 А.Қ. Қосмұратов