2019 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының Ғылыми кеңесінің кезекті мәжілісінде институт бастығы ф.ғ.к., полиция полковнигі Қабдуев Ақан Есетович «Жылдың үздік кафедрасы» сайысының қорытындысын жариялады.
Жылдың үздік кафедрасы байқауы бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының «Жылдың үздік кафедрасы» сайысы туралы 2019 жылғы 2 сәуірде бекітілген Ережесіне сәйкес және жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланатын, курсанттармен тәрбие жұмысын шебер жасайтын институт кафедралары арасында олардың тәжірибесін таратуды қамтамасыз ету мақсатында маусым айынан бастап қыркүйек айына дейін жүргізілген болатын. Байқауға қатысуға 7 кафедра өтініш білдіріп, ережеге сай құжаттарды толтырып, жоспарланған мерзімде тапсырылған. Институтбөлімдерінің басшыларынан комиссия жасақталып, кафедралардың атқарған жұмыстарын бағалау жұмыстары тапсырылды. Тапсырылған құжаттарды талдау жұмыстарын жүргізу үшін байқау комиссиясының құрамы бекітілді. 2018-2019 оқу жылы бойынша жалпы ұпай санымен жалпы құқықтық пәндер кафедрасы жылдың үздік кафедрасы болып танылды.
«Жылдың үздік кафедрасы» сайысының жеңімпазы атынан жалпықұқықтық пәндер кафедрасының бастығы, з.ғ.к., полиция подполковнигі Айгуль Касымбековна Ибраеваны институт бастығы Ақан Есетович Қабдуев дипломмен, ауыспалы кубокпен, сонымен қатар бағалы сыйлықпен марапаттады.
ОӘО