2019жылғы 04 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында жалпы құқықтық пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы институттың ҒЗжРБЖҰ бөлімімен бірге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы аясында, Жастар жылы мен Ақтөбе қаласының 150 жылдығы шеңберінде ұйымдастырылған «Заманауи ғылымның өзекті мәселелері» тақырыбына сәйкес «Не? Қайда? Қашан» зияткерлік сайысының 2 – кезеңі өткізілді.
Зияткерлік сайысты Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Галия Жанабековна Сулейманова алғы сөзімен ашты.
Ойынға 8 команда қатысты, олар Қазақстан Республикасы ЖОО кусанттары мен студенттері, атап айтқанда: Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының «БІРЛІК» командасы, Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есбулатов атындағы Алматы академиясының «ЗАҢГЕР» командасы, Қазақстан Республикасы ІІМ Барымбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының «ЗНАТОКИ-СЛЕДАКИ» командасы, Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы командасы – «МІНДЕТ», Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының «АРЫСТАН» командасы, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Я.Бигелдинов атындағыӘуе қорғаныс күштерінің Әскери институтының «Авиатор» командасы,Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті студенттернен құралған «TEEN LAWYERS» командасы, Қазақ-Орыс халықаралық университеті студенттерінен құралған «DE JURE» командасы және Сақтаған Баишев атындағы Ақтөбе университетінің студенттерінен құралған «ЮРЛЕДИ» командасы.
Ойын барысында әділ қазылар алқасы ретінде №3 Ақтөбе қалалық сотының төрағасы Назира Олжабаевна Аманкулова, ІІМ ардагері, ардагерлер кеңесінің мүшесі Темирбай Усенович Илайков, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Дмитрий Адамович Довматенко, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы Нұртөре Зайдуллаұлы Қалдыбаев және Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының маманы Эльмира Ивановна Байтерекова төрелік етті.
Бағдарлама тәртібіне сәйкес ойын 5 турдан тұрды:
1тур — «Командаларды таныстыру» командалардың өз эмблемаларын және команда ұранынұсыну.
2тур — «Блиц-сұрақтар», бейнесұрақтар (халықаралық құқық, конституциялық құқық және адам құқығы бойынша).
3тур — «Капитандар сайысы» (мемлекеттерді және олардың астаналарын білу).
4тур — Үй тапсырмасы (халықаралық құқық және конституциялық құқық бойынша).
5 тур — Музыкалық сайыс.
Зияткерлік сайыстың өткізілумақсаты – болашақ заңгерлер мен құқық нормасын зерттеу, конституциялық құқық, адам құқығы басқа да заң саласы бойынша кәсіби білімдерін көтеру, азаматтық және патриоттық тәрбиелеу және оларды күнделікті қызметте қолдана білу.
Зияткерлік сайысқа барлық қатысушылары жақсы білімдерін және теориялық дайындықтарын аталған конкурста тәжірибе ретінде көрсете білді.
Ойынға қатысушылар 1,2 және 3-дәрежелі алғысхаттармен марапатталды, яғни 1–орын алған «Бірлік» командасы Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты, 2-орын алған Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Я.Бигелдинов атындағыӘуе қорғаныс күштерінің Әскери институты «Авиатор» командасы және 3-орын алған Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті «Teen Lawyers» командасы.
Сонымен қатар, жекелеген «Үздік капитан» номинациясы бойынша «Teen Lawyers» командасының капитаны Исламов Таир және «Үздік ойынға қатысушы» «Бірлік» командасының капитаны Толеугалиев Аслан естелік қолсағаттарымен марапатталды.
«Үздік үй тапсырмасы» номинациясымен «De Jure» командасы және «Үздік музыкалық сайыс» номинацисы бойынша «Авиатор» командасы дипломмен марапатталды.
«Не?Қайда?Қашан?» зияткерлік сайыс қорытындысы бойынша №3 Ақтөбе қалалық сотының төрағасы Назира Олжабаевна Аманкулова қатысушыларды интеллектуалдық ойынының символы болып табылатын естелік сыйлық үкісімен марапаттады, қалған ойынға белсене қатысқан командалар естелік сыйлықтармен марапатталды.
Жалпы құқықтық пәндер кафедрасының
аға оқытушысы
полиция подполковнигі
З.З. Нұрыш