Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Заңсыз көші-қон және адам саудасы»

15 қаңтар күні сағат 11.00-де С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының жанынан ашылған Ақтөбедегі Америка бұрышында «Заңсыз көші-қон және адам саудасы» атты Еңбек көші-қон ақпараттық-кеңес орталығының директоры Гүлнұр Едигеевамен кездесу шарасы өтті. Аталған шараға 3 «А»  курсының 301-ші тобының курсанттары қатысты. Шара барысында адам саудасының алдын алу,  адам саудасының  құрбандарына әлеуметтік қызмет көрсету, мигранттар туралы сұрақтар талқыланып, бейнеролик көрсетілді. Курсанттар осы тақырыпқа байланысты сұрақтарын қойды. Шарада белсенді болған 301-топтың курсанты Қадыров Манас өз пікірімен бөлісті.

Кітапхана меңгерушісі                                   

З.Н.Карасаева