2019 жылдың 02 наурызында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі Айдар Мүтәлікұлы Сайтбеков институт ардагерлерімен кезекті кездесуін өткізді.
Институт бастығы ардагерлерді «Алғыс айту күнімен» құттықтап, олардың отбасыларына амандық, дендеріне саулық және жылдар бойы еліміз үшін атқарған еңбектеріне алғысын білдірді.
Кездесу барысында ардагерлерге «Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған жол картасына сәйкес ІІО қызметтері мен бөліністерінің жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында ІІМ оқу орындарын 5 заманауи полиция академиясына қайта құруға бағытталған жұмыстар туралы айта өтіп, ардагерлерді және олардың отбасын қолдау, жас қызметкерлер мен курсанттарды патриоттық бағытта тәрбиелеу мақсатында ардагерлер кеңесінің рөлінің зор екендігін алға тартып, институтта ардагерлер кеңесін құрып, бірлескен тиісті іс-шаралар өткізуге шақырды.
Отызға жуық ардагер қатысқан жиналыс соңында ардагерлер кеңесінің төрағысы мен мүшелерін белгілеп, хаттамамен бекітті. Валерий Александрович Сюняков – кеңестің төрағасы болып сайланды.
Институт бастығы ардагерлерді түскі асқа шақырып, ризашылығын білдіріп, олармен естелік фотоға түсті.
Сонымен қатар, 06 наурызда Қазақстан Республикасының ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қабырғасында ІІО Ардагерлерімен кездесу, атап айтқанда, Ақтөбе ПД Ардагерлер Кеңесінің төрағасы, Ақтөбе қаласының құрметті азаматы ІІО зейнеткері полиция полковнигі Ғалым Елкеұлы Дәулеталинмен кездесу өтті. Өмірінің барлығын қоғамға қызмет етуге арнаған, өзінің сүйікті мамандығы бойынша лайықты демалысқа шықсада, Ғалым Елкеұлы өзінің бай тәжірибесімен әрқашан жас ұрпақпен бөлісіп отырады.
ТЖБ инспекторы
полиция капитаны
З.А.Мухангалиева