Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Институт аруы – 2019» байқауы

2019 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының тәрбие жұмысы бөлімі 2019 жыл – «Жастар жылына», Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына және 8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күні мерекесіне орай институттың курсант қыздары арасында «Институт аруы – 2019» байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты институттың ару қыздарының өнер өріне талпындыратын, эстетикалық талғамдарын, сымбаты мен сұлулығын анықтай отырып, адамгершілік пен мәдениеттілікке баулу, шығармашылық сана сезімдерін жетілдіру, ұлт мәдениеті бағытында тәлім-тәрбие беру.

Байқауға қатысушы үміткер арулар әр курстың жеке құрамы арасында іріктелініп алынды. Сахнаға шығу реті жеребе арқылы анықталады.

Байқау бес кезеңнен тұрды:
1- кезең. «Арулардың портфолиясы»;
2- кезең. «Макаров тапаншасын жартылай бөлшектеу және қайта жинау»;
3- кезең. Авангардтық сән үлгісі;
4- кезең. Интеллектуалдық кезең;
5- кезең. «Өнерім – өрісім» өз өнерін көрсету (шығармашылық).

МТжА бөлімшесінің бастығы Жанат Бердалықызы Нурмухамбетова әділ қазылар алқасына төрағалық етіп, әділ қазы алқасы – ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы полиция подполковнигі А.Қ. Кәрімбаева, ӘжДШД кафедрасы бастығының орынбасары полиция майоры А.А.Мергалиев, жалпы кітапхана меңгерушісі Зинегүл Нұртайқызы Қарасаева, Ақтөбе облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Н.Алтынбекқызы өз бағаларын берді.

Байқауда 1 А, 1 Б және 2 А курстарының курсанттары арасынан 9 ару бағын сынады. Атап айтсақ, 1 А курсының курсанттары Жумагазиева Диана Сарсенбаевна, Ковалева Александра Геннадьевна,  Қошқарова Роксана Батырбековна және Сүндетқалиева Аяжан Ғабитқызы, 1 Б курсының курсанттары Нурлан Асем Нурланқызы мен  Тогайбекова Сымбат Мұратқызы, 2 А курсынан Шамуратова Гүлназым Бақытжанқызы, Айғалқа Айгерім Саматқызы және Төлегенова Динара Болатбекқызы өнерлерін көрсетті.

Жүлделі орындар келесі тізім бойынша берілді:
– «Көрермен көзайымы» номинациясы;
– «Институт үшінші Вице-Аруы» – 3 орын;
– «Институт екінші Вице-Аруы» – 2 орын;
– «Институт бірінші Вице-Аруы» – 1 орын;
– «Институт Аруы – 2019» – бас жүлде.

Байқаудың барлық кезеңі бойынша басымдылық танытып, «Институт Аруы – 2019» – бас жүлдесіне 2 А курсының курсанты қатардағы полиция Айғалқа Айгерім Саматқызы ие болды. «Институт бірінші Вице-Аруы» – Шамуратова Гүлназым Бақытжанқызы, «Институт екінші Вице-Аруы» – Төлегенова Динара Болатбекқызы,  «Институт үшінші Вице-Аруы» – Тогайбекова Сымбат Мұратқызы атанды. Ал байқаудың «Көрермен көзайымы» номинациясын – Қошқарова Роксана Батырбековна иеленді.

Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша байқау жеңімпаздары институт бастығының атынан дипломмен, бағалы сыйлықтармен және гүлшоқтарымен марапатталды.

ТЖБ инспекторы
полиция капитаны                                         
З.А.Мухангалиева