Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Институт ауыспалы құрамы арасында өткен «Былғары доп» шағын-футбол жарысы

2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жетілдіру мақсатында,  сондай-ақ, Астананың 20 жылдығына орай Қазақстан Республикасы  ІІМ  М.Бөкенбаев  атындағы  Ақтөбе  заң  институтында, 2018 жылғы 31 мамырда әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының ұйымдастырумен ауыспалы құрам арасында шағын-футболдан жарыс өтті.

Сайысты институт бастығының сап бөлімі жөніндегі көмекшісі полиция полковнигі Қайрат Мөкүшұлы Манапбаев кіріспе сөзімен ашып, қатысушыларды құттықтап,  жеңіс және сәттілік тіледі.

Жарыста 4  команда қатысты – 1 «А» курсы, 1 «Б» курсы, 2 курс және оқу-дайындық рота. Ойындар қажырлы әрі нәтижелі түрде өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мынадай тізімде анықталды: жүлделі 1-ші  орынды 2 курс құрама командасы, 2-ші орынды 1 «А» командасы, 3-ші орынды 1 «Б» командасы иеленді.

Жарыс қатысушылары сайысты ұйымдастырып өткізгені үшін институт басшылығына және әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының ұжымына өз алғыстарын білдірді.

Жарыс жеңімпаздарына салтанатты түрде грамоталар, медальдар, кубоктар беріледі.   

 

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы

Ақтөбе заң институтының

ӘжДШД кафедрасының доценті

полиция полковнигі

Қ.Д.Үмбетбаев

 
01 IMG_20180511_110321