Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Институт бастығының кубогі

2018 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында институт бастығының кубогі үшін, курсанттар арасында «2019 жыл – Жастар жылы» болып жариялануына және «Астана қаласының 20 жылдығына» орай, «Жастар – еліміздің болашағы» атты «Жайдарман» ойындары өткізілді.
Ойынға 1 А, 1 Б, 2 А курсының курсанттарынан құралған «Виноват, исправлюсь», «1–ші Б», «Чемпиондар» командалары қатысты. «Жайдарман» ойыны «Сәлемдесу», «Бес жаңалық», «Үй тапсырмасы» деп аталатын ІІІ кезеңнен тұрды.
Әділқазылар алқасының құрамына кәсіптік және қосымша білім факультетінің аға оқытушы-әдіскері полиция майоры Дүйсен Төлеуұлы Төлеуов, Ардагерлер кеңесінің мүшесі, отставкадағы милиция полковнигі Санабай Рзабекұлы Рзабеков, күндізгі оқу факультетінің аға оқытушы-әдіскері полиция майоры Дархан Жауғаштыұлы Үсенов, жалпы білім беру кафедрасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Алмат Абатұлы Салимов, жалпы кітапхана меңгерушісі Зинегүл Нұртайқызы Қарасаева кірсе, хатшы – тәрбие жұмысы бөлімінің инспектор-психологі полиция лейтенанты Мадина Расулқызы Исламгалеева болды.
Әділқазылар алқасының қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынға 1 Б курсының «1–ші Б» командасы, ІІ орынға 1 А курсының «Виноват, исправлюсь» командасы, І орынға 2 А курсының «Чемпиондар» командасы ие болса, «Жайдарман» ойынының «Үздік ойыншысы» атағына 1 Б курсының курсанты Нұрдастан Әлібекұлы Жүсіпбеков ие болды.
Жеңімпаз командаларды институт бастығы полиция полковнигі Сәлімгерей Иманғалиұлы Қаракүшев кубокпен, дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

ТЖБ бастығы
полиция капитаны
З.А.Мухангалиева