2018 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 1 А және 2 А курсының курсанттары Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде өтетін Тұңғыш президенті – Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрмесіне барды.
Елбасы кітапханасының қызметі тәжірибесінде «Жәдігерлер сөйлейді» топтамасынан көшпелі дәрістер, музей сабақтары, көшпелі экскурсиялар сынды мәдени-ағартушылық қызметтің ерекше түрлері белсенді қолданылады. Елбасы кітапханасының жобасы 2017 жылғы қарашада Алматыдан бастау алып, 2018 жылғы ақпан айында Шымкентте жалғасса, ал қыркүйек айында Атырау облысында табысты өтті. Жалпы 2017-2018 жылдары көрмені 350 мыңнан астам адам тамашалаған. Көрме 2019 жылғы қаңтар айының соңына дейін жалғасады.
Аталған көрмеден курсанттар жақсы әсер алып қайтты.
ТЖБ инспекторы
полиция капитаны
З.А.Мухангалиева