2019 жылғы 12-13 қаңтарда 1 А және 2 А курстары курсанттарының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында және оқу топтарының жетекшілік жоспарға сәйкес, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттары оқу топтарының жетекшілерімен Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен Тұңғыш президенті – Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрмеге барды.
Елбасы кітапханасының қызметі тәжірибесінде «Жәдігерлер сөйлейді» топтамасынан көшпелі дәрістер, музей сабақтары, көшпелі экскурсиялар сынды мәдени-ағартушылық қызметтің ерекше түрлері белсенді қолданылады. Көрме қызметкері әр экспонатқа жеке тоқталып, курсанттарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аталған көрмеден курсанттар жақсы әсер алып қайтты.
ТЖБ инспекторы
полиция капитаны
З.А.Мухангалиева