2018 жылғы 24-25 мамырда Ресей ІІМ Шығыс-Сібір институтында “Қазіргі жағдайдағы құқық қорғау органдарының қызметі” тақырыбында ХХІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Іс-шараны Ресей ІІМ Шығыс-Сібір институтының бастығы полиция полковнигі
П.А. Капустюк ашты. Ол өзінің кіріспе сөзінде бүгінгі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның атаулы күн — Ресей полициясына 300 жылдығы қарсаңында өткізіліп отырғандығын айтып өтті және әріптестеріне еңбекте табыс тілей отырып, тыңдаушылар мен курсанттарға қызықты мәліметтерге ие болып, өз білімдерін арттыруларына тілек білдірді.
25 мамырдағы Пленарлық мәжілісте 25 баяндама белгіленді, оның ішінде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты полиция подполковнигі Г.Ж.Сулейманованың және Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының әкімшілік құқық және ІІО-ның әкімшілік қызметі кафедрасы бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Е.Қ.Балымовтың да баяндамалары тыңдалды.
Сонымен қатар, конференция жұмысына Иркутск облысы бойынша Ресей ІІМ ББ БТБ-ның бастығы әділет генерал-майоры Н.Н. Самойлов, Иркутск облысы бойынша Ресей ІІМ ББ ЭКЦ бастығы полиция полковнигі А.И.Журавков, Иркутск облысы бойынша РФ ТК ТБ басшысының орынбасары әділет подполковнигі Е.С. Касьянников, Иркутск қ. Ленин ауданының прокуроры С.А. Зубовский, Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы бастығының оқу ісі жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының докторы, профессор полиция полковнигі З.С. Тоқыбаев және өзге де көрнекті ғалымдар қатысты.
Конференция жұмысы шеңберінде ұсынылған баяндамалар ішінен, әсіресе, келесі белгілі ғалым-құқық танушылардың баяндамалары қызықты болғандығын айтып өту керек: Ресей ІІМ О.И. Цоколов атындағы Жалпыресейлік ғылыми-зерттеу институты бастығының бірінші орынбасары, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген заңгері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Ресей мемлекеттік әділсоты университетінің бас ғылыми маманы В.В. Николюк, Ресей ІІМ Сібір заң институты бастығының орынбасары (ғылыми жұмыс жөніндегі), заң ғылымдарының докторы, доцент Н.Н.Цуканов, О.Е. Кутафин атындағы Мәскеу мемлекеттік заң университетінің қылмыстық-процестік құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы, доцент
С.Б. Россинский, Ресей ІІМ Казан заң институтының криминалистика кафедрасының профессоры, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген заңгері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор С.Я. Казанцев, Бурят мемлекеттік университетінің АТР елдерінде салыстырмалы құқықтану зертханасының бастығы, заң ғылымдарының докторы, профессор Ю.П.Гармаев, Ресей ІІМ Санкт-Петербург университетінің криминалистика кафедрасының бастығы, заң ғылымдарының докторы, доцент Э.В. Лантух, Ресей ІІМ В.Я. Кикотя атындағы Мәскеу университетінің экономикалық қауіпсіздік, қаржы және экономикалық сараптау кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Т.Н. Агапова, РАН Сібір бөлімінің (СИФИБР СО РАН) өсімдіктердің физиологиялары және биохимиялары Сібір институтының директоры, биология ғылымдарының докторы, В.И. Воронин және т.б. ғалымдар.
25 мамырда 7 секция бойынша мәжіліс өткізілді, қатысушылар қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері, қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамалардың сұрақтары, қылмыстарды ашуды және тергеуді криминалистикалық қамтамасыз ету мәселелері, сот сараптамасының сұрақтары, мемлекеттік-құқықтық және азаматтық-құқықтық қатынастарды реттестірудің өзекті сұрақтары, сонымен қатар, құқық қорғау органдары қызметінің әлеуметтік-мәдени аспектілері туралы мәселелерді қарастырып, ой-пікірлерін ортаға салды.
Екікүндік конференция жұмысына барлығы 300-ден астам адам белсенділікпен қатысты және іс-шараның басталуына дейін барлық қатысушылардың баяндамаларын қамтыған тезистер жинағы шығарылды.