Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Институт қызметкерлерін құрмет демалысына шығарып салу

2019 жылғы 3 қаңтарда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қызметкерлері Темірбай Үсенұлы Илайковты, Алтынбек Рысқабиұлы Ерғалиевті, Ерлан Тілекқабылұлы Ергалиевті, Сағитжан Әлібекұлы Төлеевті, Александр Геннадьевич Игольниковты, Қайрат Досжанұлы Умбетбаевты, Мейрамхан Дайрабайұлы Нұршаевты, Айдар Әбішұлы Әбішевті құрмет демалысына шығарып салу рәсімі ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында институт бастығы полиция полковнигі Сәлімгерей Иманғалиұлы Қаракүшев зейнеткерлерді құрмет демалысына шығумен құттықтап, институт жеке құрамы атынан ізгі тілектерін білдіріп, естелік сыйлықтар табыстады. Шараға келмеген қызметкерлерге сыйлықтар мен құттықтаулар беріліп жіберілді.

ТЖБ инспекторы
полиция капитан
З.А.Мухангалиева