Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Институт қызметкерлері БАҚ өкілдерін төл мерекелерімен құттықтады

2018 жылғы 27 маусымда ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қызметкерлері – тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы полиция капитаны З.Мухангалиева мен мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесінің инспекторы А.Кабиева институт басшылығы, Ардагерлер кеңесі мен ұжымының атынан бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің кәсіби мерекесі қарсаңында өңірлік телевизия және баспасөз қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап қайтты. Қызметкерлер институт бастығы полиция полковнигі С.И.Қаракүшевтің атынан «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы АҚ Ақтөбе облысы филиалының басшысы Е.Бураханға, «Рика-ТВ телекомпаниясы» ЖШС директоры Н.Бандровскаяға және «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Р.Отыншинге қоғамды ақпаратпен қамтамасыз етуге және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді, қоғамдық-саяси іс-шараларды жарықтандыруға қосқан үлестері үшін алғыс айтып, алдағы уақытта ынтымақтастықта бірге қызмет атқаруға сенім білдірді. Мекеме басшыларына институт бастығының алғысхаты мен гүлшоқтарын табыстап, мерекелік көңіл күйде естелік фотоға түсті.

 

Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесі