Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Кадеттердің ант қабылдау рәсімі

2019 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Конституция мерекесі және Білім күніне орай, кадеттердің полиция сыныбындағы алғашқы оқушыларының ант қабылдау рәсімі өтті. Жобаның басты міндеті — өскелен ұрпақты Отан сүйгіштікке тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілікті нығайту, заңдылықты сақтауға баулу, болашақ мамандық таңдауда көмек көрсету болып табылады.

Кадет сыныбына 25 оқушы қабылданды, оның 16-сы ұл болса, қалған 9-ы қыз балалар.

Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Ерғалиұлы Абдуллин, Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданының әкімі Әділкерей Сағидуллаұлы Әуелбаев, Ф. Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының директоры Уразалина Айжан Давлетовна, Ақтөбе қаласы «Нұр-Отан» партиясының депутаты Гончаров Юрий Владимирович, ҚР ІІО ардагерлері, №41 мектеп-гимназиясының мұғалімдері, сондай-ақ оқушылар ата-аналары іс-шараның құрметті қонақтары болды.

Салтанатты рәсім аяқталғаннан кейін Ақтөбе заң институтының бастығы жас кадеттер мен курсанттарды Білім күнімен құттықтап, жаңа оқу жылында табыс тіледі.

 
02