2019 жылғы 15 және 16 сәуірде “пенитенциарлық қауіпсіздік” пәнінің тақырыптық жоспарына сәйкес, қылмыстық құқық және криминология кафедрасының профессоры заң ғылымдарының кандидаты А. О. Қуанов және кафедра оқытушысы полиция майоры А. Н. Левченкованың жетекшілігімен 204 және 205-топ курсанттарына КА-168/2 мекемесінде көшпелі тәжірибелік сабақ өткізілді.
Сабақ барысында курсанттар мекеменің әкімшілік бөліміне барып, бақылау-өткізу пунктінің жұмысымен танысып, мекеме аумағына адамдарды жіберу және тексеру тәртібіне қойылатын барлық талаптарды сезінді. Мекеме аумағынан кіретін және шығатын автокөліктерді тексеру процесін көрді.
Курсанттар сотталғандарды ұстау шарттарын, сотталғандарды өздеріне тағайындалған жағдайларға байланысты оқшаулауды, қатаң жағдайда ұсталатын қамаудағыларға арналған серуендеу аулаларын, айыппұл изоляторын, карантин аймағын көрді, асханаға, наубайханаға, мектепке, колледжге, кітапханаға, кинозалға, стадион мен алаңға барды, теқсеру жүргізу тәртібімен танысты.
Сабақ барысында курсанттар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өздерінің қызығушылықтарымен өткізілетін сабақтың маңыздылығын көрсетті.
Өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты — теориялық білімді практикада бекіту болып табылады.
ҚҚжК кафедрасының оқытушысы
полиция майоры
А. Н.Левченкова