Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Ж. Бегельдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтында Наурыз мейрамын тойлау

2019 жылғы 13 сәуірде ЖОО арасындағы ынтымақтастық аясында және Наурыз мейрамын тойлауда Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Ж. Бегельдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтында «Ашық есік» күнінің өткізілуіне орай ұйымдастырылған іс-шараға Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлік жұмысты ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлері мен Курсанттық ғылыми қоғам мүшелері қатысты.

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ делегациясын Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Ж. Бегельдинов атындағы ӘҚКӘИ басшылығы мен профессорлық-оқытушылық құрамы күтіп алды. Институт бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Г.Ж. Сулейманова Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Ж. Бегельдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері Әскери институтының жеке құрамына табыс тілей отырып, институтбастығы полковник А.А. Ибраевты Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі А.М. Сайтбековтің атынан жеке құттықтады.Содан кейін АЗИ делегациясы оқу орнының мұражайын және мерекеге құрылған киіз үйлерді аралады.Ақтөбе заң институты атынан 1 «А» курсының курсанттары Назым Айдосқызы мен Александра Ковалева өз өнерлерін ортаға салып, музыкалық нөмірлерін қатысушыларға ұсынды. Іс-шара естелік суретке түсумен аяқталды.

ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы

полиция подполковнигі

А.Қ. Каримбаева

 
03156055