2019 жылдың 13 шілдесінде Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының арнайы бастапқы оқыту курсының 5 взводының кураторы әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының оқытушысы, полиция майоры В. В. Хасанова тыңдаушыларды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша жұмыс жүргізу шеңберінде Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе мемориалдық мұражайына және Кеңес Одағы Батырларының аллеясына баруды ұйымдастырды.
Кеңес одағының мерген қызы Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова – 1925 жылы 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бұлақ ауылында дүниеге келген.
Оның құрметіне мемориалдық мұражай 1985 жылдың сәуір айында Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 40 жылдығы және Әлия Молдағұлованың 60 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылды.
Павильонда Ә. Молдағұлованың өмір жолы, Жауынгерлік ерлігі, жауынгерлік және майдан күндері туралы баяндайтын көптеген қызықты экспонаттар қойылған. Сонымен қатар, экскурсия жетекшісімен мұражайда сақталған майдан хаттары, мұрағаттық құжаттар мен материалдар, Әлияға Кеңес Одағының Батыры атағын беру туралы Жарлық, соғыс жылдарының жәдігерлері, әскери киім-кешек, жауынгерлік техника және т.б. көрсетілді. Мұражай экспонаттары арасында көптеген деректі материалдар, майдандастардың естеліктері, кітаптар, мақалалар, газет тіліктері жинақталған.
Сонымен қатар, тыңдаушылар Әлия Молдағұлова даңғылындағы гүл бағында орналасқан Кеңес Одағы Батырларының аллеясына барды. 46 гранит стелінде Ақтөбе облысында туған батырлардың есімдері шығарылды.
Мұндай экскурсия тыңдаушыларға Ұлы Отан соғысының тарихы, Ақтөбе батырлары туралы білімдерін кеңейтуге және тереңдетуге, қала мен облыс туралы көбірек білуге мүмкіндік берді.
ӘҚжІІОӘҚ кафедрасының оқытушысы
полиция майоры
В.В. Хасанова