Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Криминалистика – қылмыстық процестегі негіздің бірі» тақырыбында дөңгелек үстел

2019 жылғы 23 сәуірде қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасымен Қазақстан Републикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 2019 жылға (№242 бөліміне) арналған ғылыми зерттеу жұмысы жоспарына сәйкес, «Криминалистика – қылмыстық процестегі негіздің бірі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шараға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ақтөбе өңіраралық сот-медицина сараптамасының жоғарғы санаттаға сот-медицина сарапшысы Владимир Михайлович Корнев, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ақтөбе өңіраралық сот сараптамасы орталығының химиялық және биологиялық зерттеулер зертханасының меңгерушісі Баршагүл Бауыржанқызы Бисенова, Ақтөбе облысы ПД ЖКБ жетекші криминалисті Рүстембек Асылбекұлы Макишев қатысты.

Дөңгелек үстел отырысын Қазақстан Републикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының орынбасары полиция полковнигі Ғалия Жаңабекқызы Сулейманова ашыпқатысушылар мен қонақтарды осындай форматта бірігіп  жұмыс жасауға, осындай кездесулерді жиі ұйымдастырып, қатысуға шақырды. Аталған ұсынысты қатысушылар бір ауыздан қолдады. 

Іс-шараның модераторы қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы полиция подполковнигі Нелли Талапқызы Саханова болды. Дөңгелек үстелге қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының ұжымы, біліктілігін арттыру курсының тыңдаушлары Қазақстан Республикасының Ұлттық гвардиясының әскерлері, Қазақстан Републикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты 1 Б курсы 102-оқу тобының курсанттары қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында қонақтар тыңдалып, кафедра оқытушылары сот сараптамасын тағайындауда туындаған сұрақтар, табылған жердегі мәйітті қарау ерекшеліктері, қылмыстық құқықбұзушылықты тергеу кезінде трасологиялық зерттеулер жүргізу негіздері, сотқа дейінгі тергеу кезіндегікриминалистикалық техниканы қолдану ерекшеліктері және тағы басқа өзекті сұрақтар қарастырылды. Сарапшылар мен жетекші криминалистің тәжірибелік ұсыныстары қатысуышларды қызықтырып, қонақтар мен қатысушылар арасында қызу талқыға салынды.

Іс-шара соңында кафедра бастығы Нелли Талапқызы Саханова қонақтар мен қатысушыларға ризашылығын білдіріп, әрі қарай тығыз жұмыс атқаруға шақырды.

ҚПжК кафедрасының бастығы

полиция подполковнигі

Н.Т.Саханова

 
SAMSUNG CSC