Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Криминология пәнін оқытуды жетілдіру» атты дөңгелек үстелді өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Бөкенбаев   атындағы Ақтөбе заң институтының ҒЗТКЖ жоспарына және қылмыстық құқық және криминология кафедрасының жұмыс жоспарына сәйкес кафедраның апталығы аясында, «Криминология пәнін оқытуды жетілдіру» атты кафедраның ізденіс тақырыбы бойынша РФ ІІМ Ростов заң институтымен бірлесіп (бейне-конференция байланысы тәртібінде), 2018 жылдың 14 наурызында халықаралық дөңгелек үстел өткізілді.    

Бұл іс-шараны ұйымдастырудың мақсаты – құқық қорғау органдарының теориялық және практикалық жұмысына курсанттарды дайындауда негізгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын әзірлеуге тәжірибеге бағдарланған тәсілдерді енгізу мәселесін талқылау қажеттілігі, соның ішінде криминология пәнін жетілдіру туралы  және  РФ ІІМ білім беру мекемелеріндегі әріптестерімізбен тәжірибе алмасу және оқытуды жетілдіру бойынша нақты  ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.

Берілген іс-шарадағы  тақырыпты белсенді талқылауға институт бастығының орынбасары  полиция полковнигі Д.А. Дәулетяров, институт бастығының орынбасары  заң ғылымдарының кандидаты полиция подполковнигі  Г.Ж.Сулейманова, қылмыстық құқық және криминология кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты А.О.Қуанов,      Қ. Жұбанов атындағы  Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің аға оқытушысы  заң ғылымдарының кандидаты  С.М. Мухтарова, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Е.М.Әли, ҚҚжК кафедрасының  оқытушылық-профессорлық құрамы қатысты.

Нәтижесінде шақырылған қатысушылар институт басшылығының атынан алғысхаттармен марапатталды.

ҚҚжК кафедрасының бастығы

полиция полковнигі                                                

А.Ж.Сейтенов