Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Курсанттық ғылыми қоғам жұмысының басталуы

 2018 жылғы 5 қазанда Курсанттық ғылыми қоғамның мәжілісі өтті, күн тәртібінде  КҒҚ-ның төрағасын қайта сайлау және жаңа мүшелерін қабылдау сұрақтары талқыланды. ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы полиция подполковнигі А.К.Қаримбаева өз сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру: табыстарды жақсарту және өмір сапасы» Жолдауының негізгі міндеттерін түсіндіре отырып, Курсанттық ғылыми қоғамның болашақ бағыттарына байланысты мәселелерді қозғады.

Бұдан кейін Курсанттық ғылыми қоғамның төрағасы, 2 «Б» курс курсанты қатардағы полиция А.Еркебұланов жиналғандарға 2017-2018 жылдары атқарылған жұмыстар туралы есепті презинтациясымен ұсынды. Күн тәртібі бойынша КҒҚ төрағасы, орынбасарлары және хатшысы қайта сайланды. Дәлірек айтсақ, көпшілік дауысқа ие болып, сайланды: 2 «А» курсының курсанты полиция кіші сержанты Д. Оразғалиев — КҒҚ төрағасы, 2 «А» курсының курсанты полиция кіші сержанты А.Төлеуғалиев — ҚҒҚ төрағасының бірінші орынбасары, 1 «А» курсының курсанты қатардағы полиция Н.Ахмет — ҚҒҚ төрағасының төрағасының екінші орынбасары, 1 «А» курсының курсанты қатардағы полиция Ж. Ибрагимова — техникалық хатшы.

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының  Курсанттық ғылыми қоғамы — жүйелі түрде, мақсатты бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын және оқу бағдарламасын ойдағыдай алып жүретін курсанттарды біріктіретін ерікті ұйым.

КҒҚ курсанттардың ғылыми-зерттеу мүдделерін қанағаттандыруға және институттың ғылыми-зерттеу міндеттерін шешуді қалыптастыруға бейімделген.

КҒҚ бірнеше басты мақсатқа ие:

  • курсанттардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту;
  • ғылыми-зерттеу жұмысының дағдыларын қалыптастыру;
  • ЖОО-ның алдында тұрған өзекті ғылыми-тәжірибелік сұрақтарды шешу.

Елбасы жариялаған «2019 жыл — Жастар жылы» шеңберінде институтымыздың алғыр, озық, болашағынан үміт күттірер курсанттарына ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлік жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшылығымен біріккен табысты шығармашылық  жұмысты тілейміз.

 

ҒЗжРБЖҰ бөлімінің инспекторы

А.Н. Сулейменова

 
DSC_5043 (1) IMG_1798