Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ақтөбе облысының мамандандырылған күзет қызметіне (МКҚ) арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушыларымен жүргізілген тәжірибелік шығу сабағы

2019 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтыӘҚжІІО ӘҚ кафедрасының профессоры, полиция майоры Ч.К. Утегенов және ӘҚжІІО ӘҚ кафедрасының оқытушысы, полиция майоры С.Р.Калипова Жол картасында белгіленген басты басымдықты,тыңдаушыларды тәжірибелік-бағдарлы оқытуға арналған үшінші бағытты жүзеге асыру мақсатында«Кәсіптік даярлық» пәні бойынша алғашқы кәсіби даярлық курстарының 4 және 9 взводының тыңдаушыларымен тәжірибелік шығу сабағын өткізді.

Тыңдаушылар тәжірибелік сабақ аясында Ақтөбе чумаға қарсы станциясына барды.

Сабақ барысында Ақтөбе облысы МКҚ полициясы және техникалық қызмет көрсету бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры А.В.Гулей тыңдаушыларға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің МКҚ жұмысын ұйымдастыру тәртібімен таныстырып, күзетілетін обьектілерде өткізу және тексеру жүргізудің негізін, тәртібін ұйымдастыру және жүзеге асырудың ережесін түсіндірді.

Сонымен қатар, қауіпсіздік шаралары түсіндіріліп, стационарлық күзетілетін объектілерде қызмет көрсету тәртібі, сыртқы тексеру әдістері көрнекі көрсетілді.

Соңында тыңдаушылар сабақ тақырыбы бойынша өздерін қызықтыратын  сұрақтарын қойып, оларға толық жауап алды.

ӘҚ ІІО ӘҚ кафедрасының профессоры

полиция майоры                                                                         

Ч.Утегенов

ӘҚ ІІО ӘҚ кафедрасының оқытушысы

полиция майоры                                                                       

С.Калипова

 
02063013