Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Көрісу – амал мерекесі

14 наурыз – Көрісу  (Амал мерекесі деп те аталады) мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханды тәтті тағамдармен толтырып қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір-біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. 

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы Айдар Мүтәлікұлы Сайтбековтың бастамасымен институттың жеке құрамы аталған мерекені тойлады. Институт қызметкерлері бір-бірін құттықтап, қол алысып, төс қағыстырып жатты. Әр кафедра, бөлім наурыз көже пісіріп, институттың асханасында дастархан жайып, бір-біріне ауыз тигізді.

Мерекеге Ақтөбе облысы әкімнің іс басқармасы Әділгерей Сағидоллаұлы Әуелбаев,  үкіметтік емес ұйымдары бірлестігінің төрағасы Айгүл Дүйсенқызы Егізбаева, Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының басшысы Жандос Махмутұлы Табылғанов, қылмыстық құқық және криминология кафедрасының бастығы полиция полковнигі Аслан Жолашұлы Сейтенов алқалық етіп, «Үздік Наурыз Көжені» анықтады.

Әділ-қазылар шешімі бойынша 1-орынды – Әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі кафедрасы, 2-орынды – кадр және тәрбие жұмысы бөлімдері мен жоспарлау, үйлестіру және бақылау бөлімшесі, 3-орында – жалпы білім беру пәндері кафедрасы иеленді. Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының басшысы Жандос Махмутұлы Табылғанов «Ең дәмді Наурыз Көже» дайындаған полиция подполковнигі Зина Зинелқызы Нұрышқа арнайы сыйлық – әсемдік салонына сертификат ұсынды.    

Институт бастығы Айдар Мүтәлікұлы Сайтбеков құрамды мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін айтты.

Осылайша институт қызметкерлері бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлады.   

ТЖБ инспекторы

полиция капитан

З.А.Мухангалиева

 
IMG-20180527-WA0049