2019 жылғы 30 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты мен Орынбор мемлекеттік университеті арасындағы ынтымақтастық аясында «Көші-қон және көші-қон процестерінің мемлекеттік-құқықтық негіздері (заңсыз көші-қон, адам саудасы)» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге Орынбор мемлекеттік университетінің заң факультеті
деканының орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты
Е.И. Максименко, Орынбор мемлекеттік университетінің сот және прокурорлық-тергеу
қызметін ұйымдастыру кафедрасының оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі О.Ю.
Костенко, «Дәріс» ақпараттық-кеңес беру орталығының атқарушы директоры Г.Е.
Идигеева, Ақтөбе қаласы Жастар ресурстық орталығының маманы Г.М. Бақытжанова
және Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының
қызметкерлері қатысты.
Дөңгелек үстелдің модераторы Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлік жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бастығы, заң ғылымдарының магистрі полиция подполковнигі А.Қ. Каримбаева болды.
Аталған дөңгелек үстелде жаһандану жағдайындағы көші-қон процестері, көші-қон қауіпсіздігі, құқық қорғау органдарының адам саудасына қарсы күрестегі өзара іс-қимылы, адам саудасына байланысты қылмыстарды тергеу кезіндегі жәбірленушілердің психологиялық ерекшеліктері т.б. талқыланды.
Аталған іс-шараның қорытындысы бойынша сөз алған Қазақстан Республикасы ІІМ
М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ғылыми-зерттеу және
редакциялық-баспагерлік жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бастығы, заң ғылымдарының
магистрі полиция подполковнигі
А.Қ. Каримбаева дөңгелек үстелдің табысты және жемісті жұмысын атап өтіп,
қатысушыларға сәттілік тіледі.
Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар берілді.
ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы
полиция подполковнигі
А.Қ. Каримбаева