2019 жылғы 17 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 2 А курсы курсанттары «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» ММ «Тілдерді оқыту орталығы» КММ өткізген «Жаңа емле: жазу принциптері» латын негізді қазақ тілінің жаңа емле ережелерін таныстыру сағатына қатысты.
Сабақта орталықтың мамандары курсанттарға түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, тәжірибелік тапсырмалар орындатты. Шараның барысында Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалин келіп, жұмыс барысымен, курсанттардың білім алудағы мақсатымен танысып, оларға сәттілік тіледі. Өз кезегінде институттың мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесінің бастығы Ж.Б.Нурмухамбетова облыс әкіміне ұйымдастырылып отырған шараның мақсаты туралы баяндады.
Латын графикасына негізделген жаңа қазақ тіліндегі емле ережелер, өзгерістер курсанттардың тілге деген қызығушылығын арттырып, тағы да осындай шараларға қатыстыруға ниет білдірді.
Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесі