Осы жылдың 12-19 қараша аралығында Ресей Федерациясының Медынь қаласында 38 мемлекет қатысқан әмбебап жекпе-жегінен әлем чемпионаты өткізілді.Аталған жарысқа Қазақстан Республикасы ІІМ Департамент Кадрының ықпалымен ҚР-сы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 2А курс 204-топ курсанты қатардағы полиция, әмбебап жекпе—жек күресінің «спорт шебері» Лилия Қайратовна Агильманова қатысты.
Жарыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең – кедергілер жолағы, екінші кезең – 3 раундтан тұратын күрестің өзі. Л.Қ.Агильманова 70 кг салмақта шыңға шықты.
Әмбебап жекпе-жегінің 5 дүркін әлем чемпионы Райса Байлиевамен өткізілген күнделікті жаттығулар мен спорттық дағдыларын деген үнемі жетілдіру нәтижесінде ол өз мақсатына жетіп, өткізілген спорттық іс-шарада жеңіске жетіп, «Әлем чемпионы»атанды. Бұнымен оның тоқтап қалар ойы да жоқ. Алда әлі талай жеңістер мен биік шыңдарды бағындыруға талпынысы зор. Ақтөбе заң институтында оқытылатын осындай тәртіпті, болашақта өз ісінің шынбайын білетін адал, қоғамдық тыныштықтың негізін қалайтын полиция қызметкерлері болашақта көптеген белестерге жететіні сөзсіз.
2 «А» курс бастығы
полиция подполковнигі
М.М.Ешманов