Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің студенттеріне дәріс оқу

2018 жылғы 21желтоқсанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты, Ақтөбе облыстық ІІД, М.Оспанов атындағы БҚММУ бекіткен Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің студенттері арасында қылмысты азайту және тәртіпті күшейту бағытындағы 2018-2019 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Есмағанбетов Бекмырза Садуақасұлы медицина университетінің студенттеріне «Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық жауаптылық» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс барысында дәріскер Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 05 қазандағы Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауының негізгі бағыттарын, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін, сонымен қатар, жасөспірімдер арасындағы қылмыстық жауапкершілікті түсіндірді.
Дәріс өте түсінікті, қызықты және тиімді түрде өтті, дәріскер өз дәрісінде азаматтық тұлғалардың, сонымен қатар, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өмірінен көптеген мысалдар келтірді. Іс-шараға қатысқан университет студенттері аталған тақырыпты қызу талқылап, дәріскерге өз сұрақтарын қойды.

ҒЗжРБЖҰ
бөлімінің ғылыми қызметкері
Д.А. Динова

 
IMG_8440