Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының басшылығы «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында Ақтөбе қаласы Ясный ауылында тұратын отбасы балаларына көмек қолын созып, мектепке дайындады.
4 баланың анасы Венера Сыдықованың айтуынша, азаматтық некеде тұратын жолдасының апасының баласы Роман Щвецті балалар үйінен төрт жыл бұрын қамқорлығына алған. Қазір Роман 9 жаста, өзімен құрдас Анельмен және одан да басқа кіші балаларымен бірге тәрбиеленуде. Бала күтімі бойынша демалыста отырған анаға қандай да болсын көмек қажет екені белгілі.
Мектеп жасындағы екі бүлдіршін Роман мен Анельге мектепке қажетті киімдер, аяқ киімдер, сөмке, оқу құралдары толықтай жасақталып, институт бастығы полиция полковнигі С.И.Қаракүшев сыйлықтарын ұсынып, оқуға деген жақсы ынта мен игі тілектерін білдірді.
Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесі