2018 жылғы 27желтоқсан күні институттың негізгі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша, патриоттық тәрбиелеу және ана тілін құрметтеу мақсатында жалпы кітапхананың оқу залында жеделіздестіру қызметі кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі С.Ә.Төлеев, жалпы білім пәндері кафедрасының оқытушысы полиция аға лейтенанты Ш.У.Смагулова және жалпы кітапхананың кітапханашысы М.Стамғазының қатысуымен 1 «Б» курсы курсанттарына мемлекеттік тілді білу және латын әліпбиіне көшу бойынша дәріс өткізілді.
Дәріскерлер курсанттарға өз тілін құрметтеу, қазақ халқының салт-дәстүрін сақтау, ұрпақтар сабақтастығы мен мемлекеттік рәміздерді сақтауы туралы айтты.
Жалпы кітапхана кітапханашысы М.Стамғазы курсанттарды латын әліпбиімен және келіп жатқан әдебиеттермен таныстырып, кітапхана ішінде экскурсия өткізді.
Іс-шараның аяқталуына орай фотосурет түсірілді.
ЖІҚ кафедрасының аға оқытушысы
полиция подполковнигі
С.Ә.Төлеев