Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Мемлекет басшысының жаңа жобасымен танысу

2018 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлік жұмысын ұйымдастыру бөлімінің ұйымдастыруымен Курсанттық ғылыми қоғам қызметінің шеңберінде «Жас ғылыми қызметкер» ғылыми үйірмесінің мүшелерімен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын түсіндіру және талқылау бойынша мәжіліс өткізілді.
Бөлім қызметкері А.Н. Сулейменова өз сөзінде 2018 жылғы 21 қарашада Ақорда сайтында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы жарияланғандығын айтты. Президент мақаласы — Қазақстанды тек экономикалық жаңғырту ғана емес, ел ерекшелігін түрлендіру, оның тарихына терең үңілудің бір тірегі. Мақалада айтылған мақсаттарды жүзеге асыру Ұлы Даланы елден жыраққа танытып, жаңа академиялық білімді енгізуі мүмкін.
Мәжіліске қатысушыларға Елбасының жаңа мақаласында мазмұндалған негізгі акценттер мен жобалар туралы баяндалған көріністер мен презентация ұсынылды. КҒҚ мүшелері мақалаға қатысты өз ойларын ортаға салып, ашық аспан астында атақты тарихи тұлғаларға арналған ескерткіштер орнатылған «Ұлы есімдер — Ұлы дала» атты оқу-ағартушылық энциклопедиялық парк ашу, «Архив — 2025» жетіжылдық бағдарламасын орындау, мектептер жанындағы және еліміздің өлкелік мұражайларында тарихи-археологиялық қозғалыстарды қалыптастыру, сонымен қатар, үздіксіз дамушы қазақ өркениетінің жетістіктерін паш ететін фильмдердің арнайы топтамасын енгізу туралы ұсыныстарын айтты.

ҒЗжРБЖҰ бөлімінің
Ғылыми қызметкері
А.Н. Сулейменова

 
IMG-20180507-WA0051