2018 жылғы 6 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты базасында 1«А» және 1«Б» курстарының курсанттарына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы бойынша бейнеролик көрсетілді және Жолдаудың басты тұстарын түсіндіру шаралары жүзеге асырылды. Аталған іс-шараны ҒЗжРБЖҰ бөлімі, курс буыны және оқу топтарының кураторлары ұйымдастырды.
Басты тұстарын түсіндіру бойынша 1«А» курсының 102 және 103 оқу топтары кураторларының — жалпы құқықтық пәндері кафедрасының оқытушысы полиция лейтенанты Г.А. Байкунакова мен қылмыстық құқық және криминология кафедрасының оқытушысы полиция майоры
Б.А. Накипбеков курсанттарды аталған Жолдаудың алты басымдығымен таныстырды. Елбасы өз Жолдауында: «Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс. Реформаларды табысты жүзеге асыру үшін қоғамымыздың ортақ мақсатқа жұмылуы аса маңызды», – деп атап өтті.
Сонымен қатар, кураторлар алдағы 2019 жыл — Жастар жылы екендігін ескертті. Кураторлар мен курсанттар Президент Жолдауын жүзеге асыру аясында біріккен іс-шараларды өткізу жөнінде өз ұсыныстарын айтты.
Жалпы құқықтық пәндер кафедрасының
оқытушысы
полиция лейтенанты
Г.А. Байкунакова