Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев 2018 жылы 5 қазан күні Қазақстан халқына өзінің Жолдауын жолдады. Жолдаудың басты мақсаты – халықтың бақуатты өмір сүруі және еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы. Әрқашанда заман сынана тегеурінді іс-қимылмен төтеп беру болып табылады.
Бірлігіміз мызғымаса, ынтымағымыз ыдырамаса, біз үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес болмайды. Президент әрбір Жолдауында халықтың әлеуметтік жағдай мен тұрмыс сапасын жақсартуға ерекше мән беріп келеді.
Қазіргі «7-20-25», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың басты мақсаты – халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту.
Президентіміздің Жолдауын институт қабырғасында жеке құрам, институт басшылығы және біз 2 «Б» курсы бірлесе отырып тікелей эфирден қарап, талқыладық. 2019 жылды Елбасымыз «жастарды қолдау жылы» – деп жариялады. Сол жастардың өкілі ретінде, жолдауда айтылған бағыт-бағдар бойынша өз үлесімізді қосамыз. Осыған байланысты 2 «Б» курсының курсантары қатардағы полиция Тәліп Н.Е және қатардағы полиция Кенебай Т.Б «Ақтөбе жастар орталығына» сұхбат беріп, өз ойларымен бөлісті.
Курс бастығының орынбасары
полиция майоры
Ракишев Р.Қ