2018 жылдың 7 желтоқсанында курсанттардың әскери – патриоттық тәрбиесін арттыру, Отанға деген қызметін, адалдықты және қызметтік міндеттерді болашақ еңбек жолдарында пайдалана білуді үйрету мақсатында «Мерген» үйірмесі шеңберінде кафедра оқытушылары, иниститут курсанттары және 6655 әскери бөлімі командирінің орынбасары, полиция майоры Д.В.Ча арасында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында курсанттар ату қаруының пайда болу тарихымен, оның құралдарымен, қаруды қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен танысты.
Бұл іс-шара қаруды қолдану кезіндегі негізгі теориялық және практикалық әдістерді қолдана білуге бағытталды.
АК-тің пайда болу тарихы туралы, құралдың және механизм бөлшектерінің, сонымен қатар Калашников автоматын толық емес шашу және толық емес жинау бойынша арнайы видеоролик көрсетілді.
ӘжДшДкафедрасының
оқытушысы
полиция аға лейтенанты
Н.Таласбаев