Елорда күніне орай, 2019 жылғы 6 шілдеде ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институның қабырғасында институт курсанттары мен арнайы бастапқы курсының тыңдаушыларының арасында мини-футбол жарысы өтті. Іс-шараның басты мақсаты – спорттық рух пен дене шымырлығын арттыру.
Ойын нәтижесі бойынша 1 «А» курсының курсанттары институт бастығы кубогының иегерлері атанды. Екінші орынды 1 «Б» курсанттарынан құрылған «Ордабасы» командасы елшіленді. Үшінші орын арнайы бастапқы курсының тыңдаушыларына бұйырды. Дұрысбай Ернар ең жақсы ойыншы атанса, Қаласов Мирам ең жақсы қақпашы болды. Ал Махмутов Ринат «ең жақсы қорғаушы» номинациясын жеңіп алды. Институт қызметкерлері болашақта бұндай іс-шараларды көптеп ұйымдастыруды көздеп отыр, себебі олар «спорт – бейбітшілік елшісі».