Біз Сіздің Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының сайтына кіріп, қызығушылық танытқаныңызға өте қуаныштымыз.
Біздің оқу орны Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары үшін кадрларды, яғни, учаскелік полиция инспекторларын, учаскелік ювеналды полиция инспекторларын, жол-патрульдік және кеден полициясы инспекторларын, криминалды полиция қызметкерлерін, тергеу және алдын ала тергеу қызметкерлерін дайындау ісімен айналысады.
Сонымен қатар біз еліміздің азаматтары арасында құқық нормаларын түсіндіру, құқыққа қарсы әрекеттерді болдырмау және олардың алдын алу бойынша жұмыстарды жүргіземіз. Қазақстан өзін құқықтық мемлекет деп жариялағандықтан, республикамыздың әр азаматы өз құқықтарын және міндеттерін білуі тиіс, күнделікті өмірде оларды мүлтіксіз орындап, құқық бұзушылықтың кез келген түріне қарсы тұра біліп, өзінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғай ала білуі керек.
Әсіресе, кәмелетке толмаған жастардың арасындағы құқықтық білім насихатына баса назар аударылады. Бізге әр баланың өз құқықтарын білгені және мектепте, үйінде, түрлі мекемелер мен ұйымдарда, қоғамдық орындарда (көшеде, саябақта, ойын-сауық орталықтарында) болған кезде құқықтық білімін орынды пайдалана білгені өте маңызды.
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты сайтының «Заңгерлік клиника» парағын аша отырып, біз кәмелетке толмағандарға және олардың ата-аналарына Қазақстан Республикасының конституциялық, азаматтық, отбасылық, әкімшілік және қылмыстық құқықтардың негізгі нормаларымен танысуға, сонымен қатар сұрақтарды белсенді түрде қоюға шақырамыз және ол сұрақтарға білікті мамандар тарапынан жауаптар беріледі. Себебі, мұны білу қызықты ғана емес, азаматтардың күнделікті өмірінде заңгерлік көмегін де тигізеді деп үміттенеміз.
Алдымен, 18 жасқа әлі толмаған әр адам баласын біздер бала деп танитындығымызды айта кету керек.
Баланың:
- өмір сүру, есім иелену;
- азаматтық;
- кемсітушіліктің жоқтығы;
- ар-ұждан және діни бостандық;
- ата-аналарымен бірге тұру;
- еңбек ету;
- демалыс;
- өмірі мен денсаулығын қорғау;
- білім алу;
- құлдықтың жоқ болуы;
- тұрғын үйге;
- сөз бостандығы;
- ақпарат алу;
- мәдениет жетістіктерін пайдалану;
- отбасын құру;
- ғылыми-техникалық, көркем шығармашылыққа қатысу құқығы бар.
Бала туғаннан кейін азаматтық құқыққа ие болады, азаматтық құқық бойынша құқық қабілеттілігіне ие, отбасында өмір сүріп, тәрбиеленуге, өз ата-анасын білуге, олардан өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды алуға құқылы. Баланың атына банкте шот ашылуы мүмкін.
Бір жарым жастағы азамат бөбекжай балалар мекемесіне баруға құқылы.
Үш жастағы бала балабақшаға баруға құқылы.
Алты жасар азаматтың құқығы:
- мектепке бару;
- дербес түрде ұсақ тұрмыстық мәмілелер жасауға құқылы;
Он жастағы азамат:
- өзінің есімін және немесе тегін өзгертуге келісім береді;
- өзін асырап алуға немесе басқа отбасына беруге, не өз ата-аналарының ата-аналық құқықтарын қалпына келтіруге келісім береді;
- неке бұзылғаннан кейін ата-аналарының қайсысымен қалатындығы туралы өз пікірін білдіруге;
- кез-келген сот немесе әкімшілік отырыста тыңдалуға құқығы бар;
- балалардың қоғамдық бірлестіктеріне кіруге.
Он төрт жастағы азамат:
- Қазақстан Республикасының азаматтығынан ата-аналарымен бірге шығу үшін жазбаша келісім береді;
- тұрғылықты жерін таңдай алады (ата аналарының рұқсатымен);
- ата-аналарының рұқсатымен кез келген мәмілелерге енуге;
- өз кірісіне, еңбекақысына, шәкіртақысына дербес түрде әмірлік етуге;
- өзінің зияткерлік қызметі нәтижесі ретінде өзінің авторлық құқықтарын жүзеге асыруға;
- несиелік мекемелерге салымдар салу және оларға әмірлік етуге;
- төлқұжат алуға құқылы.
- ерекше жағдайларды есепке ала отырып, некеге тұруға рұқсат етілуі мүмкін (бұл ретте толық құқыққабілеттілігі туындайды);
- ата-аналарының рұқсатымен жұмысқа тұруға рұқсат етіледі (жеңіл еңбек, күніне 4 сағаттан астам емес);
- асырап алуды жоюды талап етуге құқылы;
- мотоциклді жүргізуге үйренуге;
- жол бойындағы қозғалыс кезінде велосипедті басқаруға құқылы;
- кейбір қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін;
- жасалған мәмілелер бойынша мүліктік жауапкершілікке, сонымен қатар келтірілген мүліктік залал үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін;
- бұзушылықтары үшін мектептен шығаруы мүмкін.
Он бес жастағы азамат:
- жұмысқа тұруға құқы бар (24 сағаттық жұмыс аптасы)
Он алты жастағы азамат:
- орынды себептері болған жағдайда некеге тұруға;
- жолда жүрген кезде мопедті басқаруға;
- инструктордың қатысумен жолдарда жүрген кезде автокөлікті басқаруға үйренуге құқылы;
- еңбек шартын (өзара шарт) жасауға, жұмыс аптасы 36 сағаттан аспауы тиіс;
- құқықтық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Он жеті жастағы азамат әскери есепке алғашқы тұруға тиісті (әскерге шақыру туралы куәлік беріледі).
18 жасқа толғанда азаматтың толық құқыққабілеттілігі туындайды. Кез келген құқықтарға ие болады және өзіне кез келген міндеттемелер қабылдайды.