Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Мұражайға бару

2019 жылғы 5 қазанда әскери-патриоттық тәрбиені дамыту мақсатында куратор, қылмыстық-құқықтық және криминология кафедрасының аға оқытушысы, полиция майоры А.Н.Левченкованың жетекшілігімен Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаева атындағы АЗИ алғашқы дайындық курсының 9-взвод тыңдаушылары Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мемориалды мұражайда болды.

Патриоттық тәрбие – қазіргі білім берудің маңызды міндеттерінің бірі. Әскери-патриоттық тәрбиенің оның ішінде мұражай экспозициялары сарқылмайтын тақырыбы — Ұлы Отан соғысы.

Мұражай өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру және ҰОС туралы құжаттар, материалдар жинау орталығы болып табылады. Батырдың өмірі мен ерлігін, соғыс жылдарындағы батырлық пен ожеттілікті насихаттау музей қызметінің басты міндеті болып табылады.

Тыңдаушылар Әлия Молдағұлованың өмір жолы, әскери ерлігі, марапаттары туралы баяндайтын нұсқаулықты тыңдап. Әлияның жауыпирлік техниканың, соғыс кезіндегі қару-жарақтары, әскери киімдер, жеке заттар мен хаттарының экспонаттарыға үлкен қызығушылық тапытты.

Музейден кейін тыңдаушылар Кеңес Одағы Батырларының аллеясы орналасқан Әлия Молдағұлова даңғылындағы саябақта болды. Аллеяда Ақтөбе облысында туған батырлардың аты жазылған қола барельефтері бар 46 гранит стела орнатылған. Олардың арасында Институтқа есімі берілген Кеңес Одағының Батыры Малкеждар Бөкенбаевтың да стеласы бар.

Мұражай мен Батырлар аллеясына бару кезінде естелік суреттер түсірілді.

Экскурсияның негізгі мақсаты – патриотизмге, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерді бойыға сіңіріп, халықтың тарихи және мәдени мұрасын насихаттау.

ҚҚжК кафедрасының аға оқытушысы

полиция майоры

А.Н. Левченкова

 
03070277