2019 жылғы 18 ақпан күні Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты «Негізгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыруда практикалық-бағытталған тәсілдерді қолдану мәселелері» тақырыбында халықаралық оқу-әдістемелік семинарына қатысты (бейнеконференция форматында).
Бұл іс-шараны Ресей ІІМ Уфа заң институты ұйымдастырды. Сондай-ақ аталған семинарға Беларусь Республикасы ІІМ Академиясының өкілдері және Тәжікстан Республикасы ІІМ Академиясының өкілдері қатысты.
Таныстыру сөзімен және қатысушыларды таныстырумен Ресей ІІМ Уфа заң институты бастығының орынбасары (оқу жұмысы бойынша) полиция полковнигі Голдобина Лилия Флоритовна, Беларусь Республикасы ІІМ Академиясы бастығының бірінші орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, доцент, милиция полковнигі Башан Алексей Владимирович, Тәжікстан Республикасы ІІМ Академиясы бастығының ғылым жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, милиция полковнигі Фаитзада Задзинруло Али және ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты атынан бастықтың орынбасары (ғылыми жұмыс бойынша), заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Сулейманова Галия Жанабековна сөйледі.
Бұл ісшара аясында өз баяндамалырымен Беларусь Республикасы ІІМ Академиясы бастығының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, доцент, милиция полковнигі Башан Алексей Владимирович «Организация практико-ориентированного обучения в учреждении образования «Академия Министерства Республики Беларусь»; Тәжікстан Республикасы ІІМ Академиясының № 1 факультет (басшы кадрларды даярлау жөніндегі)бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, милиция полковнигі Нозиров Накиб Алиевич «Организация практико-ориентированного обучения в Академии МВД Республики Таджикистан»; ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ Оқу-әдістемелік орталығы бастығының уақытша міндетін атқарушы, полиция капитаны Молдыбаева Райгуль Батырхановна «Кредитная технология обучения»; ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ Білім сапасын мониторингілеу және бақылау (бағалау) бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Төребеков Ерболат Есенович «Автоматизированная информационная система «Platonus» в Актюбинском юридическом институте МВД Республики Казахстан имени МалкеджараБукенбаева»;Ресей ІІМ Уфа заң институты атыс және тактикалық-арнайы дайындық кафедрасының бастығы полиция подполковнигі Романов Антон Александрович «Актуальные аспекты применения метода моделирования ситуаций оперативно-служебной деятельности при проведении практических занятий» шықты.
Халықаралық оқу-әдістемелік семинарға қатысушылар өздерінің оқу орындарында негізгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда тәжірибелік-бағдарлы тәсілді қолдану жөнінде пікір алмасты, кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асырудағы өзекті мәселелер мен жағдайларды талқылады, Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Тәжікстан Республикасында және Қазақстан Республикасында білім беру бағдарламаларының тәжірибелік-бағдарлы тәсілін қолдануға шынайы қызығушылық танытты.
Іс-шара соңында оқу-әдістемелік семинар жұмысының қорытындысы шығарылып, осындай іс-шараларды одан әрі өткізу және академиялық ұтқырлық аясында курсанттармен өзара алмасу мүмкіндігі туралы ұсыныстар айтылды.
ҒЗжБЖҰ бөлімінің бастығы
полицияподполковнигі А.К.Каримбаева