Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Нұр Отан» партиясының жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің төрағасы, Ақтөбе облысының прокуратурасы жанындағы заңдылығын қамтамасыз ету бойынша консультативтік кеңесінің төрағасы Таджибаева Мария Сейт-Ахметқызымен кездесу

2018 жылғы 14 ақпанда сағат 09:00 мен 10:00 аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында «Нұр Отан» партиясының жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің төрағасы, Ақтөбе облысының прокуратурасы жанындағы заңдылығын қамтамасыз ету бойынша консультативтік кеңесінің төрағасы Таджибаева Мария Сейт-Ахметқызымен кездесу өткізілді.

Институт бастығы Қаракүшев Сәлімгерей Иманғалиұлының бастауымен  Таджибаева Мария Сейт-Ахметқызы институттың спортзалына, кәсіби қызметтік даярлық кабинетіне барды. Әрі қарай кездесу институттың кітапханасында жалғасты. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын, 2018 жылғы 05 наурызда мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының бірлескен отырысында жарияланған халыққа арналған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуін, 2018 жылдың 10 қаңтарында жарияланған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндіріп, Қазақстан Республикасының прокуратура қызметінің құрметті қызметкері курсанттарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. 

Кездесу соңында институт бастығы құрметті қонаққа естелік кітапты сыйға тартып, естелік фотоға түсті.

 

ТЖБ инспекторы

полиция капитан

З.А.Мухангалиева

 
02 IMG_3955 SXTiT5NP1XE