Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ОНЛАЙН ЖҮЙЕСІНДЕ ӨТКІЗІЛГЕН «АЛКОГОЛЬҒА ҚАРСЫ САЯСАТ ШАРАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ПОЛИЦИЯЛАРДЫҢ ҚАТЫСУЫ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

2018 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты мен Ресей ІІМ Омбы академиясы бірігіп, онлайн байланыс жүйесінде «Алкогольға қарсы саясат шараларын жүзеге асыруға полициялардың қатысуы» тақырыбында халықаралық бейнеконференция өткізді. Бастамашы — Ресей ІІМ Омбы академиясы.

         Ресей ІІМ Омбы академиясы атынан оқу орны бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының докторы, профессор полиция полковнигі М.В. Бавсун, ал Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтынан институт бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты полиция подполковнигі Г.Ж. Сулейманова алғы сөз айтты.

         Аталған іс-шара барысында Ресей ІІМ Омбы академиясынан ғылыми-зерттеу бөлімінің бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент, полиция полковнигі О.А. Дизер «Основные направления государственной антиалкогольной политики Российской Федерации», әкімшілік құқық және ІІО-ның әкімшілік қызметі кафедрасының оқытушысы по лиция майоры М.Ю.Водяная «Отдельное вопросы осуществления производства по делам об административных правонарушениях, связанных с нарушением антиалкогольного законодательства» баяндамаларын оқыды. Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтынан қылмыстық құқық және криминология кафедрасының бастығы полиция полковнигі А.Ж. Сейтенов  «Хулиганство в алкогольном опьянении и его уголовно-правовые последствия», қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі
С.Г. Назарбаева «Профилактика алкоголизма» баяндамаларын ұсынды.

         Іс-шара барысында қатысушылар пікір алмасып, өзекті мәселелер мен жағдайларды талқылады, қозғалған тақырып бойынша қызығушылық танытып, сұрақтарды қызу талқылады.

         Іс-шара соңында семинар жұмысының қорытындысы шығарылып, алдағы уақытта осы тектес шараларды ұйымдастырып тұру туралы ұсыныстар жасалды.

 

РБЖ тобының инспекторы 

полиции лейтенанты

Ш.У. Смагулова