Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ОНЛАЙН ЖҮЙЕСІНДЕ ӨТКІЗІЛГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР

2018 жылғы 14 наурызда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Ресей ІІМ Ростов заң институтымен бірге онлайн байланыс жүйесінде «Негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын игеру кезінде тәжірибелік-бағдарлау тәсілін жүзеге асыру мәселелері» тақырыбында халықаралық оқу-әдістемелік семинар өткізді.

         Іс-шара шеңберінде Ресей ІІМ Ростов заң институтының атынан институт бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары полиция полковнигі А.И. Митин, ал Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты атынан бастықтың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Д.А. Дәулетияров алғы сөз айтты. Семинар жұмысына, сонымен қатар, РФ ІІМ РЗИ бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары полиция полковнигі А.Ю. Терехов пен ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ  бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Г.Ж. Сулейманова қатысты.

         Аталған семинарда Ресей ІІМ РЗИ-дан криминалистика және ЖІҚ кафедрасының доценті, з.ғ.к., полиция полковнигі Попандопуло «Внеучебная практика обучающихся как основа практико-ориентированного подхода к ведомственному образованию», қылмыстық құқық және криминология кафедрасының доценті, з.ғ.к., полиция полковнигі А.А. Брюхнов «Особенности проведения выездных практических занятий», әкімшілік құқық кафедрасының профессоры, ф.ғ.д., доцент, полиция полковнигі Р.А. Лубский «Контекстное образование и кейстехнологии как парадигмальная основа реализации практико – ориентированного подхода при осноении профессиональной образовательной программы», қылмыстық процесс кафедрасының аға оқытушысы,з.ғ.к.,полиция подполковнигі Е.В. Денисенко «Проблемы реализации практико – ориентированного подхода при освоении основной профессиональной образовательной программы» баяндамаларын оқыды.

         Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтынан қылмыстық құқық және криминология кафедрасының профессоры, з.ғ.к. А.О. Қуанов «Компетентностно – ориентированной подход в обучении дисциплин уголовное право и криминология», жалпы білім беру кафедрасының доценті полиция полковнигі Ж.М. Есмамбетова «Совершенствование методики преподавания практических заданий», оқу-әдістемелік орталығының аға оқытушы-әдіскері полиция капитаны Р.Б. Молдыбаева «Совершенствование учебного процесса по кредитной системе в высших учебных заведениях МВД Республики Казахстан» баяндамаларын ұсынды.

         Сонымен қатар, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің құқықтану кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.к. М.Е. Али  және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің құқықтану кафедрасының аға оқытушысы С.М. Мұхтарова қонақ ретінде қатысты.

                   Іс-шара барысында қатысушылар пікір алмасып, өзекті мәселелер мен жағдайларды талқылады, қозғалған тақырып бойынша қызығушылық танытып, сұрақтарды қызу талқылады.

         Іс-шара соңында семинар жұмысының қорытындысы шығарылып, алдағы уақытта осы тектес шараларды ұйымдастырып тұру туралы ұсыныстар жасалды.

РБЖ тобының инспекторы 

полиции лейтенанты

Ш.У. Смагулова

 
SAMSUNG CSC