Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ІІО қызметкерлерінің сөйлеу мәдениеті бойынша өткізілген ашық сабақ

2018 жылғы 03 қазанда ЖББП кафедраның жұмыс жоспарына сәйкес, 1Б курсының екінші тобында институттың профессорлық-оқытушылық құрамының қатысуымен ағылшын тілінен ашық сабақ өткізілді.

Сабақ барысында “Кембриджтік оқыту әдісінің” жаңа әдістемесі көрсетілді, ол қазіргі таңда оқу процесінде кеңінен қолданылмақ. Курсанттарға түрлі әдіс-тәсілдер мен стратегияларды қолдана отырып әрі белсенді оқытудың әдістемесін жеңіл меңгеру үшін сабақты қызықты және қолжетімді жүргізілуі тиіс.

Жаңартылған білім беру жүйесінің маңызды критерийлері:білім беру орталығында білім алушы жеке тұлға ретінде, қабілетті ойлауды, зерттеу, тәжірибе жүргізу, функционалдық сауаттылықты пайдалану, жұмыста шығармашылық көрсете алады.

Аталған әдістемеге сәйкес,”Жобаңды қорға” тақырыбында курсанттар сабақты қызығушылықпен орындады. Берілген тапсырманы орындамас бұрын оқу топтар үш командаға бөлінген болатын. Бірінші топ “Мәдениетті сөйлеу қажет пе?” деген жобасын қорғады, екінші топ “Жастар сленгі” жобасын қорғаса, ал үшінші топқа стилистика жағынан сауатсыз толтырылған жауап алу хаттаманы түзету жұмысы берілген еді.

Сабақтың мақсаты мен міндеттері толық орындалды. Институттың профессорлық-оқытушылық құрамы өткізілген сабаққа оң бағасын беріп, әрі оның жоғары әдістемелік деңгейде өткенін атап өтті.

 

ЖББП кафедрасының доценті

полиция полковнигі

Ж.М. Есмамбетова

 
03220037