Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Оқиға болған жерді қарау кезінде айғақты заттарды табу, белгілеу, алу әдістері» санаты бойынша біліктілігін арттыру курсы

Ағымдағы жылдың 15-20 мамыры аралығында институттың оқытушы-әдіскері полиция майоры А.А.Сағынтаева Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының базасында «Оқиға болған жерді қарау кезінде айғақты заттарды табу, белгілеу, алу әдістері» санаты бойынша біліктілігін арттыру курсынан өтті.

Аталған курсқа қалалық ІІД ЖПҚ-ның аға учаскелік инспекторлары, облыстық ІІД, сонымен қатар, Ақтау, Алматы, Қостанай қалалары Оқу орталықтарының профессорлық-оқытушылық құрамының қызметкерлері қатысты.

Оқу барысында  учаскелік полиция инспекторларының қызметін реттестіретін нормативтік құқықтық актілермен қатар, төмендегі сабақтар оқытылды:

  • ІІО қызметіндегі ЖПҚ ережесі;
  • учаскелік полиция қызметінің құқықтық негіздері;
  • учаскелік полиция инспекторының функциялары мен тапсырмалары;
  • учаскелік полиция қызметінің әкімшілік учаскедегі алдын алу жұмыстары (ерекшеліктері, нысандары мен әдістері);
  • оқиға болған жерді қарау тактикасы. Мәйітті қарау;
  • оқиға болған жерді қарауда қолданылатын техникалық-криминалистикалық құралдар;
  • оқиға болған жерді қарау барысында фотосуретке түсіруді және  бейнетаспаларды қолдану;
  • оқиға болған жерде іздерді жинау ерекшеліктері мен оның алдын ала зерттелуі;
  • атыс қаруының қолданылу іздерін жинау және зерттеу;
  • қылмысты ашу мен тергеуде адамның сыртқы  бейнесінің белгілерін  қолдану;
  • криминалистикалық тіркеу;
  • қылмысты ашу және тергеу барысында арнайы білімдерді қолдану тактикасы.

 Арнайы даярлық пәні бойынша  оқиға болған жерді қарау кезінде ІІО қызметкерлері әрекеттерінің алгоритмдік сұрақтары және оқиға болған жерде іздерді жинау және  алдын ала зерттеу ерекшеліктері оқытылды.

Оқу қорытындысы бойынша біліктілігін  арттыру курсынан өткендігі туралы сертификат табысталды.

А.А.Сағынтаева

ОӘО оқытушы-әдіскері

полиция майоры

 
SAMSUNG CSC