Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Оқу-әдістемелік жиынның үшінші күні

2018 жылғы 11 сәуірде Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының ІІД(К) ҚАЖІІО  КАЖІІО бастықтарының кадр жұмысы жөніндегі орынбасарлары «Тәрбие жұмысы қызметтік тәртіпті нығайтуға бағытталған басым бағыт ретінде» тақырыбында өткізіліп жатырған оқу-әдістемелік жиынның соңғы үшінші күні өтті.

Жоспар бойынша дәрістерді жалпы құқықтық пәндер кафедрасы бастығының орынбасары полиция майоры Темірбай Үсенұлы Илайков, жедел іздестіру қызметі кафедрасының бастығы полиция подполковнигі Такежан Есентайұлы Сүлейменов, тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Жылқайдар Жалғасбайұлы Жалғасбай, жалпы білім беру пәндер кафедрасының доценті полиция полковнигі Жанат Мынбайқызы Есмамбетова оқыды.

Дәрістер аяқталған соң, институттың акт залында оқу-әдістемелік жиынның жабылуы болды. Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі Сәлімгерей Иманғалиұлы Қаракүшев, КЖД орынбасары полиция полковнигі Руслан Қуандықұлы Құрымбаев, КЖД ТЖжКДҰБ бастығы полиция полковнигі Мұрат Қоңыржанұлы Жақыпбеков, отставкадағы полиция полковнигі Болат Қойшыбекұлы Каженов, ЕТ жөніндегі аға инспектор отставкадағы полиция подполковнигі Раушан Тілектесқызы Тұңғышпаева, ІІМ мұражайының ғылыми қызметкері отставкадағы полиция подполковнигі  Алмагуль Нурхамитқызы Сатмаганбетова және Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының ІІД(К) ҚАЖІІО  КАЖІІО бастықтарының кадр жұмысы жөніндегі орынбасарлары және институттың барлық жеке құрамы қатысты.

Іс-шараның ресми бөлімін институт бастығы ашты. Институт бастығы полиция полковнигі Сәлімгерей Иманғалиұлы Қаракүшев қатысушылардың барлығын жиынның аяқталуымен құттықтап, КЖД орынбасары полиция полковнигі Руслан Қуандықұлы Құрымбаевқа сөз кезегін ұсынды. Өз сөзінде Руслан Қуандықұлы жиынға қатысушыларды құттықтап, еңбектеріне сәттілік тілеп, институт бастығымен бірге оқу-әдістемелік жиынға қатысушыларға сертификаттар табыстады.

Шараның салтанатты бөлімінде 1 А курсының курсанттары тәрбие жұмысы бөлімімен және мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімімен бірлесе отырып, «Мұқағали – ғажайып ақын» атты концерт ұйымдастырды. Концертте 1 А курсының курсанттары мен «Арайлы Ақтөбе» ансамблі өнер көрсетті. Концертке қатысушылар ақын Мұқағали Мақатаевтың әндерін орындап, өлеңдерін оқып, «Аққулар ұйықтағанда» көрінісін қойды. 

Шара соңында барлық қатысушылар естелік фотоға түсті.

 

ТЖБ инспекторы

полиция капитаны

З.А.Мухангалиева