Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Оқу-әдістемелік кеңестің өткізілген мәжілісі туралы ақпарат

2019 жылғы 12 қыркүйекте Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 2019-2020 оқу жылындағы оқу-әдістемелік кеңесінің алғашқы мәжілісі өтті. Отырыс жұмысына институт бастығы полиция полковнигі А.Е.Қабдуев, ОӘК төрағасы – институт бастығы оқу жұмысы жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы полиция полковнигі А.Ж. Сейтенов, ОӘК төрағасының орынбасары – күндізгі оқу факультеті бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі А.А. Сәлімов және ОӘК басқа да мүшелері қатысты.

Әдістемеліккеңесотырысыбарысында “2019-2020 о.ж. 1 және 2 секциядағы оқу-әдістемелік кеңес құрамын және сараптау комиссиясының құрамын бекіту туралы”, “2019-2020 о.ж. орындауға жоспарланған профессорлық-оқытушылар құрамының оқу жүктемесін талқылау туралы”, “2019-2020 о.ж. КОФ жұмыс кестесін талқылау және бекіту”, “2019-2020 о.ж. арналған ОӘО жұмыс кестесін талқылау және бекіту”, “Жылдың үздік аға оқытушысы”,”Жылдың үздік оқытушысы конкурсын қорытындысы», “2019-2020 о.ж. қысқы емтихан сессиясын өткізу нысандары туралы”,” Бастапқы кәсіби дайындық курстарының тыңдаушыларын қорытынды аттестаттау өткізу нысанын анықтау туралы”,” Мемлекеттік емтихан пәндерінің тізбесін бекіту және оларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау шеңберінде өткізу нысанын анықтау туралы”, “2019-2020 о.ж. мемлекеттік аттестаттау комиссиясының құрамына кандидатураларды қарастыру туралы” сұрақтар қарастырылды. Факультеттер мен кафедралардың ұсыныстарына сәйкес оқу үрдісіне, факультеттердің, бөлімдер мен кафедралардың қызметіне қатысты оқу-әдістемелік құжаттар бекітілді.

ОӘО оқытушы-әдіскері

полиция майоры

Д.С. Муканова

 
06 IMG_1674