2019 жылғы 5, 6 қыркүйек күндері Ақтау қаласында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, еліміздегі полицейлердің имиджін көтеру мақсатында ішкі істер органдары қызметкерлерінің арасында ұйымдастырылған Республикалық «Парасатты полицей» байқауы өтті. Биыл оныншы рет өткізіліп отырған Республикалық додаға еліміздің барлық облыстарының Полиция департаменттері мен ведомостволық оқу орындарының қызметкерлері қатысып, өз өнерлерін паш етті.
Қазақсатан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Расылханұлы Заппаров, театр және кино актеры Ерболат Төлегеновтің төрелік етуімен өткен үш кезеңнен тұратын байқауға Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының «Бөкенбаев барыстары» командасы белсене қатысып, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға қосқан үлесі үшін Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Өтелгенұлы Трұмовтың атынан алғыспен марапатталды.
Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесі