Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Патриоттық рухты арттыру мақсатында өз елінің батырларын білу

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының  жалпы құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы полиция майоры М.Д.Тулешев және 1 «А» курсының 30 курсантымен жастарды Отанға деген патриоттық сезімге, отансүйгіштікке және өз елінің батырлары туралы білімдерін жетілдіруге тәрбиелеу мақсатында 2019 жылдың қаңтар айының 14 күні Ақтөбе облыстық Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың мемориалды музейіне барып және оның қайтыс болғанына 75 жыл толуына арналған іс-шараға қатысты.
Музейге саяхат жасау барысында Қазақстанның әр түкпірінен келген курсанттарға 1925 жылы 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген батыр қыз Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлованың өмірбаянымен, дереккөздерден алынған ерліктері туралы ақпараттармен  танысты. Сондай-ақ, осы іс-шараға КОФ 1 «А» курсы 101-ші оқу тобының курсанты А.Н.Айдосқызы белсене қатысып, «Әлия» әнін орындады.
Іс шара аяқталғаннан кейін курсанттар Алия Молдагұлованың мемориалды кешеніне гүл шоқтарын қойды.

Қазақстан Республикасы ІІМ
М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты 
жалпы құқықтық пәндер кафедрасының
оқытушысы полиция майоры
М.Тулешев

 
IMG_1187