2020 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында бітіруші 2Б курсы курсанттарының кәсіби практикасын лауазымдарға тағайындау арқылы ұйымдастыру үшін еліміздің бірнеше аумақтарының ПД өкілдері жиналды. Кездесуге М.Бөкенбаев атындағы АЗИ бастығының орынбасары полиция полковнигі А.М.Хайрулин, М.Бөкенбаев атындағы АЗИ бастығының орынбасарының м.а. полиция полковнигі А.Ж.Сейтенов, М.Бөкенбаев атындағы АЗИ бастығының көмекшісі полиция майоры Ш.Т.Ельтаев, М.Бөкенбаев атындағы АЗИ ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының бастығы полиция подполковнигі А.Сахарбай және Солтүстік Қазақстан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі К.К.Дәулетбаев; Ақтөбе облысы ПД Кадр саясаты басқармасының бастығы полиция подполковнигі Ж.Ж.Нысаналин; Көліктегі ПД Кадр саясаты басқармасының бастығы полиция подполковнигі Р.Т.Ілиясов; Ақмола облысы ПД Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Б.Е.Сакупов; Шымкент қаласы ПД Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі А.К.Садыков; Алматы облысы ПД Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі М.А.Андабаев; Атырау облысы ПД Кадр саясаты басқармасының бөлім бастығы полиция майоры Н.Ғ.Шаеденов; Маңғыстау облысы ПД Кадр саясаты басқармасы бөлімінің бастығы полиция капитаны Е.Б.Отаров қатысты.
Кездесу барысында курсанттар өздерінің тұрғылықты жерлеріне және отбасылық жағдайларына байланысты қызмет атқару орындарына бөлінді. Өңірлік ПД өкілдері курсанттармен жеке кездесу өткізіп қызмет атқарудың талаптары мен шарттарын таныстырды.
ІІО ӘҚ кафедрасының бастығы
полиция подполковнигі
Сахарбай А.